Өте маңызды міндет – Президент Жолдауда мемлекеттік басқарудың сапасын жақсартуды тапсырды

Бүгін, 12:01 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқару сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Тағы бір маңызды міндет – мемлекеттік басқару ісінің сапасын толықтай жақсарту.

Инфрақұрылымды жаңғырту, жаппай цифрландыру және индустрия саласын дамыту үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлініп жатыр. Жеке инвестиция да тартылуда.

Осы орайда, мына мәселеге назар аударғым келеді. Ауқымды құрылыс аясындағы жобаларды мұқият іріктеу, сенімді компаниялармен жұмыс істеу және бастаманы жүзеге асырудың әр кезеңін жіті бақылау өте маңызды.

Мемлекеттік аппарат осы міндетті кәсіби тұрғыдан мүлтіксіз орындауға дайын болуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.