Черногорияда 19 жасқа дейінгі боксшылар қатысқан турнир финалында қазақстандық спортшы 80 келіден жоғары салмақ санатында ресейлік Сами Итонееваны жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан құрамасы барлығы 8 медальға (1 алтын, 3 күміс және 4 қола) ие болды. Команда жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады.
Бірінші орынды Ресей иеленсе, Өзбекстан – екінші, ал АҚШ үшінші орынға жайғасты.