Қазақстанның екі ірі қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде шетелдік валюталардың бағамы жарияланды, деп хабарлайды Kurs.kz деректеріне сілтеме жасап.
Астанадағы айырбастау орындарында доллар 452 теңгеден сатып алынып, 459 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 504 теңге, сату бағамы – 514 теңге.
Рубль 5,40 теңгеден сатып алынып, 5,60 теңгеден сатылса, юаньның сатып алу бағамы 68,03 теңгені, сату бағамы 71,76 теңгені құрады.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 455,20 теңгеден сатып алынып, 457,84 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы сатып алу кезінде 505,53 теңге, сату кезінде 509,89 теңге болды.
Ал рубль 5,38–5,50 теңге аралығында, юань 67,83–70,37 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, валюта бағамы ақша айырбастау пункттеріне қарай өзгеруі мүмкін.