ЖИ адамзатты жойып жібереді деп есептейтін америкалық сарапшы зейнетақы жинауды тоқтатты

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат

АҚШ-тағы Machine Intelligence Research Institute институтының президенті Нейт Соарес жасанды интеллектінің дамуынан туындайтын қауіптерге байланысты болашаққа сенімсіз қарайтынын айтты. Ол зейнетке ақша жинауды он жыл бұрын тоқтатқанын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соарестің пікірінше, жасанды интеллект адамзатқа өзі әдейі зиян келтіруді көздемесе де, адамдардың жойылуына себеп болуы мүмкін. Мұндай қауіп жүйенің өз мақсаттарына жетуге ұмтылып, адам мүддесін ескермеген жағдайда туындайды.

«Зейнетке ақша жинау – болашақтың болатынына сенім арту деген сөз», – деді Соарес The Atlantic бас директоры Николас Томпсонға берген сұхбатында. Ол Google компаниясында жұмыс істеген кезінде ашылған 401(k) зейнетақы шоты бар екенін, бірақ оған он жылдан бері ақша аудармағанын айтты.

Соарестің ұстанымы жасанды интеллектіні дамыту жарысына қатысты терең алаңдаушылығын көрсетеді. Дегенмен оның сөздері адамзаттың алдағы он жылда міндетті түрде жойылатынын білдірмейді. Жасанды интеллектінің адамзатқа экзистенциялық қауіп төндіру ықтималдығы жөнінде сарапшылар арасында ортақ пікір жоқ, ал мұндай болжамдарды нақты ғылыми факт ретінде қарастыруға болмайды.

Тэгтер:

ЖИ адамзат