Зейнеп Баянова әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі

Бүгін, 17:23 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

50 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз жартылай финалда Үндістан өкілі Ниламмен кездесті.

Белдесу 7:3 есебімен үндістандық спортшының пайдасына аяқталды. Енді Зейнеп Баянова әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.

Тэгтер:

әлем чемпионаты күрес Балуан қола медаль Зейнеп Баянова