28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Анкарада мемлекет басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.