Доллар бағасы күрт қымбаттады

Бүгін, 17:05 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 455,63 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,52 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 27 қазанға белгілеген ресми доллар бағамы 451,05 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 454,63 теңге, сату бағамы 457,24 теңге болды. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 451,82 теңгеден сатып алып, 458,82 теңгеден сатуда. Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 454,91 теңге болса, сату бағамы 457,3 теңгені құрады.

Еске салайық, 12 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге төмендеді. 13 қазанда 2,68 теңгеге түсті, 14 қазанда 2,14 теңгеге өсті.

15 қазанда доллар бағамы 2,93 теңгеге қымбаттады, 16 қазанда 1,79 теңгеге төмендеді. 19 қазанда 0,08 теңгеге өсті, ал 20 қазанда 1,79 теңгеге төмендеді.

21 қазанда доллар бағамы 1,91 теңгеге түсті, 22 қазанда тағы 0,36 теңгеге төмендеді. Ал 23 қазанда 2,96 теңгеге қымбаттап, 451 теңгеден асты.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам