Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен қаза тапты

Бүгін, 16:56 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қарағандыда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты 26 қазанда сағат 06:33-те 15-магистраль бойында, «Беркут» дәмханасының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 18 жастағы қыз көлік тізгініне ие бола алмай қалған.

«18 жастағы Mazda автокөлігінің жүргізушісі көліктің жол жиегіндегі орға аударылуына жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді. Алайда алған жарақаттарынан қайтыс болды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Қарағанды Жол апаты көлік жүргізуші бойжеткен