Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізген шетел азаматы 16 жылға сотталды (ВИДЕО)

Бүгін, 16:42 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Көлік полицейлері Таиландтан Қазақстанға ірі көлемде есірткі жеткізген 20 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады. Одан 17 келі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында шетел азаматының Таиландтан Қазақстанға есірткі партиясын жеткізіп, кейін оны заңсыз өткізу арналары арқылы таратуды жоспарлағаны анықталды. Көлік полицейлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде халықаралық есірткі тасымалының жолы кесілді.

Сот шешімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Көліктегі полиция департаментінің өкілі Ф. Елубаев халықаралық есірткі тасымалы арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқанын және бұл бағыт ерекше бақылауда екенін атап өтті. Сондай-ақ ол азаматтарды қырағы болуға және күдік тудыратын кез келген жағдай туралы полицияға дереу хабарлауға шақырды.

«Егер ішіндегісі белгісіз болса, бөгде адамдардан сақтау немесе тасымалдау үшін, тіпті ақшалай сыйақыға да, сәлемдемелерді, пакеттерді және өзге де заттарды қабылдауға қатаң тыйым салынады. Сенгіштік пен сақтық танытпау адамның қылмысқа сыбайлас ретінде тартылуына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», – деді Ф. Елубаев.