Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел тобы мен №60 мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері түзеу мекемесінің тыйым салынған аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған азаматты тексеру барысында скотчпен оралған зат табылды. Оның ішінен үш телефон тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жолданды.