Президент өкімімен Нұрболат Мағзұмов жаңа лауазымға тағайындалды

Бүгін, 14:40 / Інжу Әлихан
Ақорда

Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Азаматұлы Мағзұмов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – делінген ақпаратта.