Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Бүгін, 12:38 / Алуа Арман
olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш белдесуінде Қытай өкілі Цзинь Синьсиньнен басым түсті.

Осылайша, Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола медалі үшін белдесуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, финалдық кезең бүгін, 27 қазанда сағат 18:00-де басталады.

Тэгтер:

әлем чемпионаты күрес Балуан Қола жүлде финал Бағдат Сабаз