Әлемдік мұнай бағасы түсті

Бүгін, 10:41 / Алуа Арман
istockphoto.com

Oilprice.com мәліметінше, 27 қазан күні таңертең Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,05%-ға төмендеп, барреліне 114,59 долларды құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,97%-ға арзандап, барреліне 100,77 долларға дейін түсті.

Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 8,31%-ға өсіп, барреліне 115,07 долларға жетті.

Мұнай бағасының төмендеуіне Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған дипломатиялық күш-жігер ықпал етіп отыр.

Дүйсенбі күні Сауд Арабиясы, Түркия және Пәкістан өкілдері Тегеранда Иранның ресми тұлғаларымен келіссөздер өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша төрт ел бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті. Сондай-ақ тараптар аймақтық қауіпсіздік мәселелерін, Израильдің өңірдегі әрекеттерін және Палестина мен Ливандағы соңғы оқиғаларды талқылады.

Сонымен қатар аймақтағы шиеленіс әлі де сақталып отыр. Бұған дейін Ормуз бұғазының оңтүстік бөлігінде теңіз миналары жарылып, екі алып мұнай танкері елеулі зақым алғаны хабарланған болатын.

Тэгтер:

мұнай экономика баға сауда нарық