Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздары есінен танып қалған адамға көмек көрсетті

Бүгін, 09:13 / Алуа Арман
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің сарбаздары есінен танып қалған адамға алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жерде жатқан адамды байқаған әскери жасақ бастығы қатардағы Азамат Бөкенов және патрульші жауынгерлер Нұрасыл Нұрлан мен Ахмет Тынышық оған бірден жақындап, жедел жәрдем шақырады. Олар уақыт жоғалтпай, ер адамды ақырын орындыққа отырғызып, алғашқы көмек жинағында бар құралдардың көмегімен мұрын қанауын тоқтатады.

Денсаулығын тереңірек тексеру және тиісті кәсіби көмек көрсету үшін жәбірленушіні оқиға орнына жеткен жедел медициналық бригадасына тапсырады.

Бұл жағдай Ұлттық ұланның әскери қызметкерлерінің қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған жандарға шұғыл көмек көрсетуге дайын екендігін тағы да көрсетті.

Тэгтер:

Көмек Ұлттық ұлан сарбаз әскери қызмет жауынгер Есінен тану