Баламалы энергия көздері дамиды
Астанада ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың қатысуымен өткен Хром кен орнын игеру халықаралық қауымдастық мүшелерінің кездесуінде «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың және тұтастай алғанда ERG-дың Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын және Мемлекет басшысының индустрия 4.0 элементтерін енгізе отырып үшінші жаңғыру жөніндегі жолдауын іске асыруда белсенді атсалысып келе жатқаны сөз болды. Айдарбаев мырза халық санының артуы мен жаңа көлік түрлерінің дамуы баламалы энергетиканың жалпыәлемдік болат өнімінің артуына әкелетінін айтып, бұл өз кезегінде ферроқорыту өндірісін және тиісті шикізат базасын дамытуды талап ететініне тоқталды. Осыған орай, ICDA қызметі өзекті және сұранысқа ие болмақ. Сондай-ақ, ол «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың ферроқорыту өндірісін дамыту және жаңа қуатты іске қосуда Қарағанды облысында салынып жатқан кешенді қорытпалар зауытының үзіліссіз жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Елбасының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта қаруландыру жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу бойынша, Үкімет төртінші өнеркәсіптік төңкерістің элементтерін енгізу жұмыстарын іске асырып жатқаны айтылды. Әлемдік хром өнеркәсібінде Қазақстанның алатын орны ерекше және хром кенін өндіру бойынша екінші және феррохром өндірісі бойынша үшінші орындарға ие. Бұдан басқа хром кенін және феррохромды экспорттаудың көлемі бойынша Оңтүстік Африкадан кейін екінші орында. ICDA (Хром кен орнын игеру бойынша халықаралық қауымдастық) қатысушыларының жиналысы өнеркәсіптік экожүйесінің өндіру, өңдеу, тұтыну, сату және қызмет көрсету сияқты барлық салалары ішіндегі жоғары деңгейдегі әлемдік хром өнеркәсібінің кәсібилерінің кездесуі болып табылады. Шараға қатысқан 150 делегат өнеркәсіптің негізгі мәселелерін талқылады және соңғы макроэкономикалық тенденцияларды талдады. Нарықтың жаңа қозғалысты күші сонымен қатар хром өнеркәсібі бойынша басқа да соңғы мәліметтері сарапталды.Инвестиция тартудың ұлттық жобасы
«Kazakh Invest» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның қолдауымен инвестиция тарту мен сақтап қалу Ұлттық стратегия жобасының және «Kazakh Invest» компаниясының таныстырылымы кезінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Әлем Банкінің инвестициялық ахуал мәселелері бойынша офис басшысы Иван Нимак, «Kazakh Invest» Ұлттық Компания» АҚ Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев, «Kazakh Invest» Ұлттық Компания» АҚ Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі Альпаслан Коркмаз сөз сөйледі. «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымына кіреді. Ол шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерлету жүйесінің ұлттық операторы, сондай-ақ шетел инвесторларын тарту және олармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырылған мемлекеттік компания. Мемлекеттің экономикасына инвестиция тарту – Қазақстанның мемлекеттік басымдықтарының бірі. Инвестиция тарту бойынша жетекші орынды сақтау туралы Елбасының халыққа жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында, аймақта қазіргі таңда Қазақстан Үкіметі екі бағытта жұмыс істеуде. Бұл – инвестиция тарту және сақтап қалу бойынша мемлекеттік стратегияны әзірлеу және «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясын іске қосу. Әлем банкінің инвестициялық климат мәселелері бойынша офис басшысы Иван Нимак ұлттық стратегия жобасын таныстыра келе: «Қазіргі таңда тиімділікті іздеген инвесторлардың Қазақстанға назар аударғандары жөн болады. Оларға ұзақ мерзімді инвестициядан пайданы барынша көбейтуге мүмкіндік беретін ыңғайлы инвестициялық ахуал қызықты. Басқа дамушы нарықтар арасында Қазақстанның тартымды екеніне осындай инвесторлардың көзін жеткізу қажет. Ол үшін Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын анықтайтын күштерді шоғырландыру керек. Сонда экономиканың маңызды секторларына инвестиция тарту жеңіл болады», – деді. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның инвесторлармен және мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылы, міндеті мен мақсаты туралы басқарма төрағасы Мақсат Қабашев айтып өтті. Оның негізгі міндеті – Қазақстан Үкіметі атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізу. Осыған байланысты «Kazakh Invest» басты функционалдық міндеті шетелдік инвесторға Қазақстанда идеядан бастап өндірістің ашылуына және оның экспортқа шығуына дейін толық қолдау көрсету, яғни инвестициялық жобаның іске асуының барлық кезеңінде қолдау көрсету. Ол мемлекет экономикасына инвестиция тартудың айтарлықтай тиімді де ұтымды және бизнеске бағытталған үлгісіне өту деген сөз. Kazakh Invest «Бір терезе» қағидатына сүйене отырып, инвесторлардың ҚР мемлекеттік органдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау қажеттілігін жоятын немесе азайтатын қызметті іске асыратын болады. «Kazakh Invest» инвесторларға көрсететін мемлекеттік қызметтер жүйесінде бірыңғай рұқсат нүктесіне айналады, оның ішіне инвестициялық жеңілдіктер түрінде инвесторларға мемлекеттік қолдау, сонымен қатар алдағы инвестициялық жобаларды іске асыруға және пайдалануға қажетті түрлі рұқсаттар мен келісулерді беру кіреді. Бұл ретте іс жүзінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шешімдерді жауапты мемлекеттік органдар қабылдаса, «Kazakh Invest» рөлі қажетті құжаттарды жинау, мәжіліс барысында инвестор ықыласын ұсыну, рұқсат етілетін құжаттарды беру болып саналады. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашевтің айтуы бойынша, шетелдік инвестордың Қазақстандағы бүгінгі жетістігі – ол мемлекеттің ертеңгі гүлденуі.Еңбек қауіпсіздігі басты назарда
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы «KIOSH-2017» 7-ші Қазақстан халықаралық конференциясы және көрме ашылды. Шара Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне байланысты ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты – мемлекеттік органдардың, бизнестің, қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін кәсіпорындардағы жарақаттануды азайтуға, өндірістік нысандардағы апат қаупін азайтуға, қоршаған орта мен қоғамға келтірілетін ықтимал шығынды барынша азайтуға, кәсіби аурулардың алдын алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағыттау. Шараға «Еңбек қызметінің барысында жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау және еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын қамтамасыз ету», «Жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қамтамасыз етудің және сертификаттаудың өзекті мәселелері», «Еңбекті қорғаудағы теория мен тәжірибені біріктіру артықшылықтары мен мүмкіншіліктері, ғылыми қызметтегі жаңа нәтижелер, реформалар, заманауи үрдістер», «Қазақстанның қауіпті өндірістік нысандарындағы қауіпсіздікті, соның ішінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Жұмыс орындарындағы маманның денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетудің маңыздылығы» тақырыптарына арналған 5 сессия кірді. «Қазақстан Республикасының қауіпті өндірістік нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы туралы» тақырыбымен шараның бірінші сессиясының алғашқы күні ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Құнанбаев баяндама жасады.