Алматы облысы Талғар ауданы Букреев шыңы маңында теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2007 жылы туған үш қызға көмек көрсетті. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.
Тік беткейге байланысты қыздар таудан өздігінен түсе алмай, құтқарушылардан көмек сұраған. Олармен тұрақты байланыс орнатылып, орналасқан жерінің геолокациясы анықталған. Құтқарушылар қыздарды Бесағаш кентіне қарай бағытталған автомобиль жолына дейін аман-есен алып түсті, — делінген хабарламада.
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Қыздар әрі қарай жолдарын өз беттерінше жалғастыруды жоспарлаған.