«Көз тиеді»: Дариға Бадықова жеке өмірін желіде жариялауға қатысты ойын айтты

Бүгін, 07:24 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Актриса Дариға Бадықова күйеуі Олжаспен бірге түскен суреттерін желіге жүктеу туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актрисаның айтуынша, күйеуі Олжас көп сурет жариялауға қарсы. Ол мұны көз тиюмен байланыстырады.

«Айтайын дегенім, Олжас "көп суреттерімізді сала берме, көз өтеді" дейді. Кеше бетіме үлкен бірдеңе шықты. "Айттым саған суреттер салма деп" дейді. Құрсын, салынып жүрген суреттер емес пе? Сіздер қалай ойлайсыздар? Арасында ойланып қалады екенсің. Бір ойым, енді сурет салып бөлісу керек-ау, тек жұмысты сала бермей деп отырмын», – деп жазды Дариға Бадықова.

Актриса оқырмандарына да осы мәселеге қатысты сұрақ қойып, пікірлерін білгісі келетінін жеткізді.