Абай облысындағы өртті сөндіруге 60 адам жұмылдырылды

Бүгін, 17:48 / Алуа Арман
istockphoto.com

Абай облысының Мақаншы ауданында, Қарабұлақ ауылдық округінің Жарсу учаскесінде ашық аумақта құрғақ шөп пен қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта өрт оқшауланған. Өрт өткен аумақтың жекелеген учаскелерінде жану жалғасуда. Тұтану ошақтарын сөндіру және өрттің қайта таралуына жол бермеу мақсатында су себу жұмыстары жүргізілуде.

Өртті сөндіру жұмыстары өрт сөндіру техникасының қозғалысын және жекелеген ошақтарға жетуді қиындататын, баруы қиын батпақты жерлерге байланысты күрделенуде. Сонымен қатар қатты екпінді жел оттың таралуына ықпал етіп, сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Тартылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіру және жұмыстарды ұйымдастыру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды. Оқиға орнына Абай және Жетісу облыстары ТЖД күштері мен құралдары, Қарабұлақ және Қаратал ауылдарындағы «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеттері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Өртті сөндіруге 60-қа жуық адам, 18 бірлік техника және 1 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.

Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай ҚР ТЖМ бақылауында.

 

Тэгтер:

өрт Абай облысы ТЖМ