Уразбахтин «Қайраттан» кетті: Команданы уақытша Арутюнян басқармақ

Бүгін, 15:37 / Алуа Арман

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Ол отставкаға кету туралы өтініш беріп, клуб басшылығы оны қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қайрат» футбол клубының мәліметінше, бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып Жора Арутюнян тағайындалды. Бұған дейін ол «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырған. Енді маман негізгі құрамды алдағы «Алтай» командасымен өтетін кездесуге дайындайды.

Айта кетейік, Уразбахтин «Қайратты» 2024 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды. Оның жетекшілігімен клуб алғашқы маусымның өзінде Қазақстан чемпионы атанды.

2025 жылы алматылық команда чемпиондық атағын қорғап, ел Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ клуб өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

2026 жылғы маусымда команда Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шықты.

Тэгтер:

Футбол бас бапкер Қайрат футбол клубы Уразбахтин