Қырғызстанда жер сілкінді

Бүгін, 11:28 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қырғызстанның оңтүстігінде 26 қазанға қараған түні жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері сағат 02:21-де тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,1-ді құраған, ал ошағындағы қарқындылығы шамамен 3 балл болған. Жер сілкінісінің ошағы 27 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісі Ничке ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым, Қызыл-Өзгөрүш ауылынан шығысқа қарай 18 шақырым және Тоқтоғұл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 62 шақырым жерде болған.

Қызыл-Өзгөрүш, Ничке және Сары-Бұлақ ауылдарында жерасты дүмпулерінің қарқындылығы шамамен 2 балл болған.

Еске салайық, 24 қазанда Қырғызстанның оңтүстігінде қарқындылығы 3 балл болатын жер сілкінісі тіркелген еді.

Бұған дейін Қытайдың оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінен кейін 949 қайталама дүмпу тіркелген болатын. Салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 76 адам зардап шеккен.

Тэгтер:

Жер сілкінісі Қырғызстан