Президент шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді

Бүгін, 10:34 / Алуа Арман
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады, – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Тэгтер:

Тоқаев