Доллар, еуро, рубль: Астана мен Алматыдағы валюта бағамы

Бүгін, 08:06 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы белгілі болды. Kurs.kz мәліметінше, елорда мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро, рубль және юань әртүрлі бағамен саудаланып жатыр.

Астанадағы валюта бағамы:

АҚШ доллары 450 теңгеден сатып алынып, 457 теңгеден сатылып жатыр;

еуро 504 теңгеден сатып алынып, 514 теңгеден сатылуда;

Ресей рублінің сатып алу бағамы – 5,40 теңге, сату бағамы – 5,60 теңге;

Қытай юані 67,82 теңгеден сатып алынып, 71,31 теңгеден сатылуда.

Алматыдағы валюта бағамы:

АҚШ доллары 451,65 теңгеден сатып алынып, 453,82 теңгеден сатылып жатыр;

еуро 505,28 теңгеден сатып алынып, 510,05 теңгеден сатылуда;

Ресей рублі 5,37–5,50 теңге аралығында саудаланып жатыр;

Қытай юанінің бағамы 67,88–70,43 теңге аралығында қалыптасты.

Айта кетейік, ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы өзгеріп отыруы мүмкін. Сондықтан айырбастау алдында нақты бағамды тексерген жөн.