Қостанайда автокөлік пен автобус соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Бүгін, 09:00 / Алуа Арман
istockphoto.com

Апат 25 қазан күні кешкі сағат 21:10 шамасында Қостанай қаласында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Volkswagen Passat жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған және жол қозғалысы ережелерін бұзған. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, маршруттық автобуспен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты, ал оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Автобуста 55 адам болған, олардың екеуіне медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді», — деп хабарлады полиция.

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тэгтер:

Автобус Автокөлік Қостанай жол ережесі апат