Қазақстанда бір тәулікте үш орман өрті тіркелді

Бүгін, 06:29 / Нұрлан Әлинұр
Pixabay

2026 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді. Бұл туралы turkystan.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Өрттің екеуі Қостанай облысында, тағы бірі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында болған.

Өрт ошақтары әуе арқылы жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Оларды сөндіруге орман күзеті қызметкерлері мен арнайы техника жұмылдырылды.

Ведомствоның мәліметінше, үш өрттің барлығы толық сөндірілген.

Мамандар азаматтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және отпен жұмыс істегенде барынша сақ болуға шақырды.