Елена Рыбакина Ниньбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды

Бүгін, 17:05 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ниньбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің бас жүлдесіне қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық теннисші 2025 жылы Ниньбода жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап, рейтингтік қоржынына тағы 500 ұпай қосты.