Қарағанды облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның егжей-тегжейін жариялады.
"24 қазанда Қарағанды облысының Шет ауданында SHACMAN жүк көлігі бақыланбайтын теміржол өткелінде жолаушылар пойызымен соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, 53 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, пойызбен соқтығысты", - делінген хабарламада.