Алматбек Аманбек әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бүгін, 13:42 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық балуан Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында бірінші кездесуін сәтті өткізді.

Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Хорватия өкілі Павел Пуклавецпен белдесті.

Бірінші кезең хорватиялық балуанның пайдасына аяқталды. Дегенмен екінші үш минуттықта Алматбек сәтті әдіс жасап, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.