Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің финалына шықты

Бүгін, 20:40 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҚТФ

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Елена Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 1 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты эйс жасап, төрт рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ өзі иеленген алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, қазақстандық теннисші финалға жолдама алды. Шешуші кездесуде ол әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен ойнайды. Фернандес екінші жартылай финалда чехиялық Мария Боузковадан 6:3, 7:5 есебімен басым түсті.