Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия елдері мен Грузия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты

Бүгін, 19:33 / Нұрлан Әлинұр
Фото: СІМ

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Грузия Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилидің шақыруымен Орталық Азия елдері мен Грузия сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында алты мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Тараптар мемлекеттердің ортақ ұстанымдары мен өзара мүдделеріне негізделген ынтымақтастығын жоғары бағалап, өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылдың маңызын атап өтті.