Мемлекет басшысы Дженсен Хуангтың ұсыныстарының маңызын атап өтті

Бүгін, 16:50 / Нұрлан Әлинұр
Фото: x.com/tokayevkz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының басшысы Дженсен Хуангпен кездесудің қорытындысы туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту және оны ел экономикасына енгізу жөніндегі ұсыныстардың маңызын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Дженсен Хуангқа Ақордада өткен нәтижелі кездесу және жасанды интеллектіні дамыту, оны Қазақстан экономикасында, әсіресе ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылағаны үшін алғыс айтамын. Сіздің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңыз біз үшін үлкен практикалық маңызға ие, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.