Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты

Бүгін, 14:54 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық балуан 60 келіге дейінгі салмақта әзірбайжандық Мурад Маммадовпен өзара мықтыны анықтады.

Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды. Ал екінші үш минуттықта Айдос Сұлтанғали басымдықты танытып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Айдос Сұлтанғали финалға шығу үшін бақ сынайды.