Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін, 12:24 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ибрагим Магомадов Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы белдесуін өткізді.

Қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақта италиялық Лука Дариоццимен күш сынасты.

Бірінші кезеңде италиялық балуан 3:0 есебімен басым түсті. Дегенмен екінші үш минуттықта отандасымыз тізгінді өз қолына алып жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Мерей Мәулитқанов (77 келі) алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен еді.