Кәуапқа қақалған 57 жастағы Өскемен тұрғыны өлім аузынан қалды

Бүгін, 21:17 / Жамбыл Жайлау
pixabay.com

Өскеменде кәуап жеп отырған 57 жастағы ер адам кенеттен қақалып, тұншыға бастаған. Тыныс алу жолына тұрып қалған ет кесірінен оның өміріне қауіп төнген. Абырой болғанда, жедел жәрдем қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп, азаматты аман алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Шығыс Қазақстан облысының орталығында болған. Ер адам кәуап жеп отырған кезде тамақ тыныс алу жолына түсіп, ауа жетпей қалған.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шақырту бойынша жеткен жедел жәрдем бригадасы науқастың жағдайы өте ауыр екенін анықтаған. Оның тыныс алуы қиындап, денесі көгере бастаған. Бұл ағзаға оттегінің жеткіліксіз түсіп жатқанын білдіретін қауіпті белгі еді.

Медицина қызметкерлері уақыт жоғалтпай, ер адамға шұғыл көмек көрсетуге кіріскен.

Тэгтер:

Өскемен кәуап