Доллар тағы қымбаттады

Бүгін, 17:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 451,05 теңгені құрады. Осылайша, АҚШ валютасы 2,96 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкі 23 қазанға белгілеген доллардың ресми бағамы 447,94 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 450,77 теңге, ал сату бағамы 452,97 теңге. Астанада доллар орта есеппен 448 теңгеден сатып алынып, 455 теңгеден сатылып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 451,01 теңгені, ал сату бағамы 452,44 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 12 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге төмендеді. 13 қазанда 2,68 теңгеге арзандаса, 14 қазанда 2,14 теңгеге өсті. 15 қазанда доллар 2,93 теңгеге қымбаттады, ал 16 қазанда 1,79 теңгеге арзандады.

19 қазанда доллар бағамы 0,08 теңгеге көтерілсе, 20 қазанда 1,79 теңгеге төмендеді. 21 қазанда тағы 1,91 теңгеге, ал 22 қазанда 0,36 теңгеге арзандады.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам