Айрықша бітімді Ақжан: Астанада туған ерекше жылқы несімен таңғалдырады?

Бүгін, 16:15 / Túrkistan Gazeti
Ақорда

Ақжан 2025 жылғы 30 наурызда Қазақстан ас­танасында дүниеге келген. Оның тегі – Гаунтлы мен Табыс атты таза қанды ақалтеке жылқылары. Жас биенің аты «жаны ақ, таза» дегенді білдіреді.
Ақжанның басты ерекшелігі – сырт келбетінің айрықша бітімі. Ақшыл түгі күн сәулесін шағы­лыс­тырып, алтын, металл немесе атлас реңкке ие бо­ла­ды. Мұндай ерекшелік ақалтеке тұқымының ай­рықша белгілерінің бірі. 

Әсем де төзімді

Ақалтеке жылқылары өздерінің сымбатты бі­тімімен танымал. Олардың ұзын мойы­ны, сүйрік басы, жұқа терісі, шымыр денесі және қуатты аяғы сүйіндіреді.
Олардың бітімі нәзік көрінге­ні­мен, табиғатқа тез бейім­делгіш, төзімді. Орталық Азияның та­би­ғи жағдайында қалыптас­қан бұл тұқым өкілдері аптап ыс­­­тыққа шыдап, ұзақ қа­шық­­­тықтарды еңсеруге бейім­­­дел­ген. 
Бұл жылқылардың тағы бір ерекшелігі – сезімтал­дығы мен адамға тез бауыр басып, иесіне үйірсек бола­ты­ны. Олар дөрекі күшке қара­ғанда сабырлы әрі жүйелі қарым-қатынасқа пейілді ке­леді. Физикалық мүмкіндік­тері­нің арқасында ақалтеке жыл­қы­лары ат үйрету, кедергілерден се­кіру, үшсайыс және ұзақ қашықтыққа шабу сияқты ат спортының түрлі жарыс­тарын­да танымал.

Ұлы даладан заманауи Астанаға дейін

Ақжанның тарихы Қазақстанның заманауи астанасының аясында ерекше мағынаға ие болады.
Бірнеше онжылдық ішінде Астана шағын облыс орталығынан заманауи сәулеті, кең даңғылдары және жаңа тұрғын аудандары бар үлкен шаһарға айналды.
Жылқы қазақ халқының мәдениеті мен тари­хын­да айрықша мәнге ие. Ғасырлар бойы ол көш­пелі өмірдің ажырамас бөлігі болып, алыс жолды еңсеруге, шаруашылық жүргізуге және елді қорғауға қызмет еткен.
Осы тұрғыдан алғанда, Ақжан – сирек кезде­се­тін жылқы тұқымының өкілі ғана емес, ұлттық мұраның бүгінгі күнмен сабақтастығын көрсететін маңызды символ. Ол ғасырлық дәстүрлер жаңа қалалық символдармен қатар өмір сүретін, Ұлы дала тарихы мен заманауи Астана арасындағы бай­ланыстың жарқын бейнесіне айналды.