Максим Богатырев параканоэден әлем чемпионы атанды

Бүгін, 12:34 / Інжу Әлихан

Аргентинаның Гуалегуайчу қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есу марафонынан және параканоэден әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Максим Богатырёв алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз ерлер арасындағы VL1 санатында 8 шақырым 200 метр қашықтықты 58:03.17 уақытта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Ол күміс жүлдегер, бразилиялық Габриэль Нунесті 9 минуттан астам уақытқа артта қалдырды.

Алдағы күндері Максим Богатырёв байдаркамен есу жарысында да бақ сынайды.

Айта кетейік, әлем чемпионатына 38 елден 683 спортшы қатысып жатыр. Параканоэде 14 бағдарлама бойынша жүлделер сарапқа салынады.