«Астана» телеарнасынан «Қара гүл» телехикаясы көрсетіледі

Бүгін, 12:21 / Інжу Әлихан

«Астана» телеарнасы көрермен назарына отбасылық құпиялар мен күрделі тағдырды арқау еткен «Қара гүл» телехикаясын ұсынады. Туынды 26 қазаннан бастап күн сайын сағат 20:00-де эфирге шығады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Телехикаяның басты кейіпкері – Ебру есімді әйел. Оның өмірі күйеуі Мұраттың жоғалып кетуінен кейін күрт өзгереді. Балаларымен жалғыз қалған Ебру күйеуінің туған жері – Халфетиге баруға мәжбүр болады. Алайда бұл сапар оның отбасына қатысты жылдар бойы жасырылып келген құпиялардың ашылуына себеп болады.

Ебру өмірден өтті деп ойлаған тұңғыш ұлының шын мәнінде тірі екенін біледі. Осы сәттен бастап оның алдында балаларының болашағы үшін күресіп қана қоймай, отбасының өткеніне қатысты жұмбақтардың жауабын табу міндеті тұрады.

Алайда шындыққа жету оңайға соқпайды. Әулеттегі билікті уысынан шығарғысы келмейтін қайын ағасы Кендалдың әрекеттері жағдайды одан әрі күрделендіреді. Оқиға өрбіген сайын жаңа құпиялар ашылып, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас шиеленісе түседі.

Ебру отбасын сақтап қала ала ма және жылдар бойы жасырылған шындық оның тағдырына қалай әсер етеді? Бұл сауалдардың жауабын көрермен «Қара гүл» телехикаясынан көре алады.

Телехикая 26 қазаннан бастап күн сайын сағат 20:00-де «Астана» телеарнасынан көрсетіледі.