Республика күні қарсаңында өткен «Көк Туым – мақтанышым!» атты патриоттық велошеруге 70-тен астам жас велошабандоз қатысты. Олар Қазақстанның мемлекеттік Туы мен шағын жалаушаларын ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Велошеру легін қаланың символы – қар барысы бейнесіндегі «Қожа» кейіпкері бастап жүрді. Ол арнайы дайындалған пикап көлігімен шерудің алдыңғы қатарында қозғалды. Велосипедшілер Алматы ипподромынан жолға шығып, Серіков және Қазыбаев көшелері бойымен жүріп өтті.
Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басымдықтармен үндеседі. Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікті нығайтуға, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеуге ерекше мән береді.