Екі облыста жол ашылды

Бүгін, 09:21 / Алуа Арман
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» АҚ компаниясы Ақмола мен Қарағанды облыстарында көлік қозғалысы ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 23 қазан сағат 09:30-да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады:

Ақмола облысы

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем қабылдау пункті — Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем қабылдау пункті).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

ауа райы Қарағанды облысы жол көлік қозғалысы