Риддер қаласын қалың қар басып қалды

Бүгін, 20:23 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/cheremshanochka_vesti

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қалың қар жауып, көшелер мен аулаларды ақ ұлпа басты. Тұрғындар әлеуметтік желілерде қаланың қар астында қалғанын көрсететін бейнежазбалар жариялап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала тұрғындарының айтуынша, қар 21 қазанда жауа бастаған. Жауын-шашын бір тәулікке жуық жалғасып, 22 қазанда қар жамылғысы айтарлықтай қалыңдаған.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан тұрғын үйлердің маңы, жолдар мен ағаштардың қар астында қалғанын көруге болады.

Қазан айының ортасынан енді асқанда жауған қалың қар қала тұрғындарының назарын аударып, олар табиғат құбылысының видеоларын жарыса жариялаған.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, 21 қазанда басталған қар келесі күні де тоқтамаған. Нәтижесінде қала көшелері қысқы көрініске енген. Тұрғындар жауын-шашынның үздіксіз жауғанын айтып, әлеуметтік желілерде қаладағы жағдайды көрсеткен. Алайда қар жамылғысының нақты қалыңдығы туралы ресми мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Сондай-ақ қаладағы көлік қозғалысына немесе коммуналдық қызметтердің жұмысына байланысты шектеулер енгізілгені жөнінде ақпарат берілмеді.

Тэгтер:

Риддер Қар