“Бұрын-соңды тіркелмеген ауру”: Францияда бір адам қайтыс болды

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат

Францияның Лион қаласында Шамонда вирусын жұқтырған ер адам ауруханада қайтыс болды. Бұл – адамға вирус жұққаны ресми тіркелген алғашқы жағдай, деп хабарлайды turkystan.kz.

60 жастан асқан науқас вирусты Францияның шығысында көктем-жаз айларында мал арасында таралған инфекцияны тасымалдаушы ұсақ шіркейдің шағуынан жұқтырған болуы мүмкін.

Шамонда вирусы негізінен ірі қара малға жұғады. Ол жылқы, альпака, қой мен ешкіден де анықталған. Бұған дейін вирустың адамға жұғатыны тіркелмеген.

2026 жылғы шілденің соңында вирус Германия, Швейцария және Франциядағы малдан анықталды. Кейін Австрия, Бельгия, Италия, Нидерланд, Испания және Джерси аралында да тіркелді. Франциядағы зерттеу жұқтырған сиырлардың сүт өнімділігі 75%-ға дейін төмендегенін көрсетті.

Францияның Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірге халық денсаулығына қауіп анықталмағанын мәлімдеді. Мамандар науқастың қалай жұқтырғанын және өлім себебін анықтау үшін зерттеуді жалғастырып жатыр.