Жүзушілер Азия Пара ойындарында күміс жүлдегер атанды

Бүгін, 17:20 / Інжу Әлихан
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Қазақстан құрамасы Аичи–Нагоя Азия Пара ойындарында пара жүзуден аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшылар 4×50 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада 2:48.99 уақыт көрсеткішімен мәреге екінші болып жетті.

Команда сапында Наталья Звягинцева, Айсұлтан Күлкеев, Сиязбек Далиев және Зүлфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

Бірінші орынды 2:25.22 нәтижесімен Қытай құрамасы иеленсе, Филиппин командасы 2:54.64 уақыт көрсеткішімен қола жүлдеге қол жеткізді.