Алматыда дәрігерлер 679 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

Бүгін, 16:48 / Інжу Әлихан
Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы дәрігерлері салмағы небәрі 679 грамм болып туған шала нәрестені аман алып қалды. Сәби 70 күн реанимацияда жатып, қазір анасының қасына ауыстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұл бала 8 тамызда жүктіліктің 26 аптасы мен 6 күнінде дүниеге келген. Анасы шұғыл түрде Алматы қаласындағы №2 қалалық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, жүктілік кезіндегі асқынуларға байланысты медициналық көрсетілім бойынша кесар тілігі жасалған.

Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап нәрестеге қарқынды медициналық көмек қажет болды. Ол реанимацияда 70 күн өткізді. Соның ішінде 43 күн өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, тағы 25 күн СИПАП әдісі арқылы тыныс алуға қолдау көрсетілді.

Осы уақыт бойы перинаталдық орталық мамандары сәбидің жағдайын тәулік бойы бақылап, қажетті ем-дом жүргізді.

Ұзақ уақытқа созылған емнен кейін сәбидің жағдайы жақсарып, ол реанимациядан анасының қасына ауыстырылды.

Қазір нәрестенің туғанына 75 күн болды. Осы уақыт ішінде оның салмағы 679 грамнан 1 800 грамға дейін артқан. Сәби үшінші күн қатарынан анасымен бірге палатада жатыр.

Мамандар мұндай нәтижеге заманауи медициналық технологиялармен қатар, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің тәулік бойғы күтімі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жаңа туған нәрестелер өлімінің ең төмен көрсеткішіне қол жеткізген. Тірі туған әрбір 1 000 нәрестеге шаққанда өлім көрсеткіші 3 жағдайды құрайды.

Бұл көрсеткіш перинаталдық көмекті жүйелі дамыту, заманауи тех