Елордалық оқушылар Республика күніне орай Tarlan Astana-да флешмоб ұйымдастырды

Бүгін, 15:35 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі

Астанадағы №104 жалпы орта мектептің оқушылары Республика күні қарсаңында «Tarlan Astana» жеңіл рельсті көлігінде «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнін орындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, мерекеге орай ұйымдастырылған бастама өскелең ұрпақтың бойында елге деген патриоттық сезімді күшейтуге, ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға бағытталған.

Мектеп директоры Нұртас Құрманғалиұлының айтуынша, бұл бастаманың басты мақсаты – оқушыларға Республика күнінің мәнін түсіндіріп, олардың туған еліне деген мақтанышын нығайту

«Республика күні – елдігімізді айшықтап, егемендігімізді ұлықтайтын ерекше мереке. Осы айтулы күнге орай оқушыларға «Көк тудың желбірегені» әнін орындатып, олардың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілік пен туған жерге деген мақтаныш сезімін ұялатуды мақсат еттік. Өйткені тәуелсіз елдің өскелең ұрпағын отансүйгіштікке баулып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз», – деді мектеп директоры.

Тэгтер:

Астана Республика күні 25 қазан