Мәулен Әшімбаев Шымкенттің белсенді жастарымен кездесті

Бүгін, 15:01 / Алуа Арман

Мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының белсенді жастары және жас ғалымдарымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің жанындағы Жастар кеңесі төрағасының орынбасары Мерей Асқар және қаланың белсенді жастары қатысты.

Жиында Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні» кітабы талқыланып, еліміздегі саяси және қоғамдық жаңғыру үдерістері, реформалардың мәні мен маңызы кеңінен сөз болды. Қатысушылар ел дамуының басым бағыттары, қоғамдағы өзгерістер және жастардың осы үдерістерге қосар үлесі жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар жастар өз ұсыныстарын білдіріп, жаңа идеялар мен бастамаларын ортаға салды. Кездесу жас буынның ел болашағына қатысты көзқарасын білдіріп, өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік берді.

 

Тэгтер:

Шымкент Мәулен Әшімбаев