Жан-Клод Ван Даммның трюгін қайталаған бүлдіршін көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

Бүгін, 14:47 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әлеуметтік желіде кішкентай блогер Төренұр Әбілқастың ерекше икемділігін көрсеткен видеосы көпшіліктің назарын аударды. Бүлдіршін әйгілі актер Жан-Клод Ван Даммның танымал трюгін қайталап, жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеода Төренұр екі орындыққа аяғын қойып, шпагат жасайды. Ол тепе-теңдігін сақтай отырып, күрделі қимылды еркін орындап шығады. Сондай-ақ кадрдан оның жанындағы тағы бір бүлдіршіннің де еденде шпагат жасап, Төренұрдың қимылын қайталағанын көруге болады.

Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, 1 миллионға жуық қаралым, 30 мыңнан астам лүпіл, 3,4 мың пікір қалдырған.

Желі қолданушылары кішкентай блогердің икемділігіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.

«Болашақ Ван Дамм», «Керемет, сөз жоқ», «Үйреткен әкесіне респект», «Қазақтың болашақ қаранар батыры», «Ата-анасына мың алғыс», – деп жазды көпшілік.