Түркістан облысында қауіпті әрекет жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Бүгін, 12:41 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Түркістан облысында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Сауран ауданы аумағында болған. BMW көлігінің 20 жастағы жүргізушісі көлігін бір орында айналдырып, дрифт жасаған.
Тәртіп сақшылары бейнежазбаны зерделеп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төрт бабымен әкімшілік шаралар қабылданды.

Атап айтқанда маневр жасау қағидаларын бұзу, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, қоғамдық тәртіпті бұзу және көлік құралдарын пайдалану талаптарын орындамау деректері бойынша материалдар рәсімделді.

Автокөлік арнайы айып тұраққа қойылып, жинақталған материалдар соттың қарауына жолданды. Сот шешімімен жүргізушіге айыппұл салынды.

Полицейлер жолдың қауіпті трюктер жасауға арналмағанын ескертеді. Дрифт пен қауіпті маневрлер жүргізушінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді.