Алматыдағы мектепте уланып қалған оқушылар ауруханадан шықты

Бүгін, 12:17 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алматыдағы Республикалық физика-математикалық мектептің асханасында тамақтан уланып, ауруханаға түскен оқушылар үйіне шығып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. 

«Республикалық физика-математика мектебінің 58 оқушысы Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына түскен болатын. Олардың бәрі ауруханадан шықты», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде астан уланып, 50-ден астам оқушы жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға түскен еді. Бұдан кейін мектепте тексеріс басталды.