Щучинскте өртенген үйден 70 адам эвакуацияланды

Бүгін, 10:16 / Алуа Арман

21 қазаннан 22 қазанға қараған түні Щучинск қаласындағы тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісіндегі лифт шахтасында қоқыс өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автосаты мен баспалдақ арқылы 75 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады.

Өрт шағын аумақта тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

өрт Щучинск