Алматы облысының тұрғыны терең құдыққа құлап кетті

Бүгін, 09:47 / Алуа Арман

Іле ауданында 1964 жылы туған ер адам тереңдігі 4 метр болатын ашық құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары шабуыл сатысының көмегімен ер адамды құдықтан шығарып, жер бетіне көтерген.

Зардап шеккен азамат есін білген, денесі көгеріп, жарақат алған. Құтқарылғаннан кейін ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Тэгтер:

Алматы облысы құдық Құлау